Перзентханаға барған әйел 10 күн бойы комада жатыр

0
868

​29 жастағы Оралдың тұрғыны Таңшолпан Мұқанова 13 сәуірде перзентханаға түскен.


Перзентханаға барған әйел 10 күн бойы комада жатыр

ERNUR.KZ. Оның 5 күн бойы қан қысымы көтерілген. Дәрігерлер әйелдің жағдайы нашар екенін түнде ғана байқаған. Оңалмаған соң сәбиін кесарь тілігімен алған, деп жазады zakon.kz.

Осыдан кейін Таңшолпан Мұқанова комада жатыр. Комада жатқанына 10 күннен асып барады, жағдайы өзгеріссіз. Әйелдің мұндай жағдайға түскенін туыстары дәрігерлерден көріп отыр.

Келінім аузынан көбігі ағып, кереуетте жатып, екі қолын аспанға көтеріп жатады. Сол уақытқа дейін не акушер қарамайды, не медсестра қарамайды. Сол күнгі кезекшілікте болған гинеколог-дәрігер, акушер, медсестра мен түнде кешкілікте приемда айттым ғой, басым қатты ауырып тұр деп, 11-ге дейін неге қадағалауға алмаған? Неге аузынан көбігі аққанша ұстаған? Соған жауап берсін және келінімді аяғына тұрғызып берсін, – дейді енесі Жаңыл Иманқұлова.

Таңшолпанның анасы да акушер. Ол құрсағында 7 айлық сәбиі бар қызының ауыр халге түсуіне әріптестерінің біліксіздігі мен салғырттығы себеп болды деп есептейді. Мұндайда уақыт оздырмай, басшылық пен жақын туыстарына бірден хабарласып, шұғыл түрде санавиациямен бас қалаға жіберу керек еді деп отыр.

Таңшолпанның комада жатқанына он күннен асып барады. Дәрігерлер не боларын тап басып айта алмай жатыр. Ал туыстары ақ халаттыларға Таңшолпанды аяғынан тұрғызып берсін деп талап етіп отыр.

Науқас бізге «преэклампсия» диагнозымен түсті. Жағдайы нашарлағасын консилиум шақырылып, шұғыл түрде кесарь тілігі жасалды. Кейін облыстық аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылды. Күн сайын республикалық деңгейдегі мамандармен консилиум өткізіп, кеңесіп отырамыз. Перинаталды орталық қызметкерлерінің әрекетін бағалап, тексеру үшін комиссия құрылды. Науқастың мұндай халге түсуіне не болғанын осы комиссия анықтайды, – БҚО Денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхат Балықов.

Бүгінде Таңшолпан Мұқанованың сәбиінің жағдайы қалыпты. Қазір ол да перзентханада дәрігерлердің бақылауында.