Петербургтегі автобус апаты: Жолаушыларды құтқарған қазақстандық марапатталды

0
201

Ер адам су жеткізу қызметінде жұмыс істейді.


Петербургтегі автобус апаты: Жолаушыларды құтқарған қазақстандық марапатталды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург қаласында көпірден өзенге құлаған автобустан жолаушыларды құтқарған Қазақстан тумасы марапатталды, деп жазады baq.kz.

"Фонтанка" мәліметінше, Санкт-Петербургте суға батқан автобустағы азаматтарды құтқару операциясына қатысқандардың барлығы наградталды. Олардың арасында Қазақстан азаматы Ерхан Аханов та болды.

Ер адам су жеткізу қызметінде жұмыс істейді. Апат болған күні ол қызметтік көлігімен көпірдің үстімен өтіп бара жатқан көрінеді.

Суға секіріп түспек болдым. Бірақ куәгерлер бұл қауіпті екенін айтты. Сөйтіп көлігімдегі тросты алып, көпірге бекіттім. Басқа жігіттермен кезек-кезек түсе бастадық. Автобусқа дейін жүзіп барып, автобус люгін ашып, адамдарды шығаруға тырыстық, - дейді Аханов.

Губернатор Александр Беглов қаланың 15 тұрғынына сағат табыстады, сондай-ақ "Құтқару кезіндегі ерлігі үшін" белгісімен марапаттады. Бұл 2020 жылы бекітілген өңірлік награда екенін айта кеткен жөн.

КТК телеарнасы атап өткендей, Ерхан Аханов 25 жаста. Шахтинск қаласында дүниеге келген. Жастайынан спортпен айналысқан. Қазақстанда Жасөспірімдер бойынша бокстан чемпион болған. Әскерден кейін Петербургке көшіп кеткен. Сол жерде отбасын құрған. Жақында жоғары оқу орнына түскен екен. Ерханның анасы, әкесі және әпкесі Қазақстанның ішкі істер министрлігінде қызмет атқарады.