Петропавлда қайтыс болған донордың бірнеше ағзасы алынды

0
159

Марқұмнан алынған ағзалар балаға және ересектерге салынады.


Петропавлда қайтыс болған донордың бірнеше ағзасы алынды

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РК

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасында қайтыс болған 40 жастағы ер адам бірнеше адамның өмірін сақтап қалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.



Марқұмның отбасы келісім бергеннен кейін жүрек, бауыр және екі бүйрек алынды. Ол үшін Астанадан ұлттық ғылыми орталық пен UMC транспланттау бригадалары келген. Ал полицейлер дәрігерлер мен мамандарға облыс орталығына жылдам жетуге жағдай жасады.
"Бұл жағдай донор отбасының шешімі, үйлестірушілердің, медицина қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметтердің үйлесімді жұмысы ғана Қазақстанда жүздеген пациенттің өмір сүруіне мүмкіндік беретінін айқын көрсетті", - дейді министрлік мамандары.
Марқұмнан алынған ағзалар балаға және ересектерге салынады.
Айта кетері, бүгінгі таңда донорлық ағзаларды күтіп жүрген науқастар аз емес. Тізімде 4 300 адам тіркелген. Олардың ішінде 120-дан астам бала бар.