Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Петропавлда көпқабатты үйдің 4-қабатынан құлап кеткен зейнеткерге шұғыл көмек көрсетілгенмен, ауруханада қайтыс болды. Полиция оқиғаға қатысты іс қозғады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Петропавлда 67 жастағы әйелдің өлімі бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні Сәтбаев көшесіндегі үйдің төртінші қабатынан әйел құлап кеткен. Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілген, дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды.
«Полиция 67 жастағы Петропавл тұрғынының өлімі бойынша алдын ала тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында процессуалдық шешім қабылданатын болады», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаның нақты мән-жайлары анықталып жатыр.