Петропавлда 16,5 мың адам жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұр.
ERNUR.KZ. Петропавлдағы "Солнечный 2" шағын ауданында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1,5 мың тегін жер телімі дайын. Барлығы 2000 жер учаскесі беріледі, деп жазады inbusiness.kz.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жер учаскелері қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, мұнда 105 км электр желісі, 54 қосалқы станса, 72 км су құбыры, 78 км жол салынған. Бұдан бөлек мектеп те бой көтермек.
Өңір басшысы тегін жер телімдері кезекпен берілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек шағын ауданда қосымша 1 мың тегін жер телімін беру де көзделген көрінеді.
"Осылайша, Петропавл тұрғындарына жеке үй салу үшін 3 мың тегін жер телімі беріледі", - деп жазылған ақпаратта.
Қазір Петропавлда 16,5 мың адам жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұр.