Полиция 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

0
612

Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.


Полиция 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

ERNUR.KZ. Таразда 18 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды, деп жазады zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады.

Бұл азаматқа қатысты 2006 жылдан бері көрші мемлекеттің аумағында қасақана кісі өлтіргені үшін мемлекетаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе қарастырылып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.