​Полиция қызметкерінің бетіне түкірген есепші жазаланды

0
1 608

Ал медициналық тексеру қорытындысы кезінде айыпталушының ішімдік ішіп, марихуана шеккендігі анықталды.


​Полиция қызметкерінің бетіне түкірген есепші жазаланды

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының тұрғыны А.Сқақов мас күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып қалған. 29 жастағы есепші өзін ұстаған полицейді балағаттап, кейін бетіне түкіріп жібергені үшін жазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбенің Ырғыз аудандық сотында айыпталушы А.Сқақовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Аудандық өнер мектебінің есепшісіне Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, 2018 жылдың маусым айында айыпталушы көшеде мас күйінде жүріп, полиция қызметкерлеріне ұсталады. Сол кезде полицейлер 29 жастағы есепшінің ішімдік ішкенін анықтау үшін оны аудандық ауруханаға жеткізеді. Тексерістен соң Ішкі істер бөліміне кірер кезде айыпталушы А.Сқақов қызметтік міндетін атқарып тұрған полиция қызметкерлерін балағаттап, бетіне түкіріп жіберген.

Сот отырысында А.Сқақов өзіне тағылған айыпты толық мойындап, билік өкілінің өз қызметтік міндетін атқару кезінде балағаттап, қорлау сөздерін айтқанын растап, іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, кінәсін толық мойындайтынын, енді қайталамайтынын көрсетіп, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Ал медициналық тексеру қорытындысы кезінде айыпталушының ішімдік ішіп, марихуана шеккендігі анықталды.

«А.Сқақов Қылмыстық кодекстің «Билік өкілін қорлау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, жаза ретінде 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 84 175 теңге айыппұл салынсын. А.Сқақов сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай ішінде айыппұлды төлеуге міндетті», - деді судья С.Махамбетов.