ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алып, дұға бағыштап, құрбан шалды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов елордадағы Әбу Насыр әл-Фараби мешітіне барды. Үкімет басшысы қаңтар оқиғасы құрбандарының рухына дұға бағыштап, құрбан шалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін Мәжілісте бас прокурор Берік Асылов пен ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаларды тергеудің қорытындылары туралы баяндады. Берік Асылов Қазақстанда 18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айып тағылғанын айтты.