Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Смайыловтың жаңа кеңесшісі тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.
Ол Мұрат Жүребеков болды.
"Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметте бес ай жұмыс істеген.