Премьер-министрдің орынбасары да коронавирус жұқтырды

0
714

Вице-премьерден коронавирустық инфекцияның симптомсыз формасы анықталды.


Премьер-министрдің орынбасары да коронавирус жұқтырды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Маған оқшаулануға тура келді. Инфекциядан барынша қорғануға тырыстым. Бірақ болмай қалды. Коронавирустық инфекцияның симптомсыз формасы анықталды. Тезірек жазылып, жұмысқа кірісу үшін дәрігерлердің барлық кеңесін орындап жатырмын", - деп жазды Тоғжанов Facebook парақшасында.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары халықты сақтық шараларын барынша сақтауға үндеді.

"Бетперде тағыңыз, антисептик қолданыңыз, үнемі қолды жуып жүріңіз. Гигиена талаптарын қатаң сақтаңыздар", - дейді Тоғжанов.


Еске салайық, бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан да коронавирустың анықталғаны белгілі болды.