Бұл лауазымдағы Нұрлан Сауранбаев кеше қызметінен босатылған еді.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болған Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылған еді.
Сәл кейін Нұрлан Сауранбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» басшысы қызметіне тағайындалды.