​Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды

0
661

Қазақстанның басым бөлігінде төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынды.


​Президент Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысындағы төтенше жағдай күшін жойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:
"Ақтөбе облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 738 Жарлығымен енгізілген Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 16 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - делінген құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 17 полиция қызметкері жараланды. Наразылық білдірушілер облыс әкімшілігіне екі рет шабуыл жасады. Алдын ала есептеулер бойынша, залалдың жалпы сомасы 300 миллион теңге.