Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

0
506


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

ERNUR.KZ. 28-29 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы Президент Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізеді, деп жазады kaz.inform.kz.


Сондай-ақ Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгаланмен және Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездеседі.

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.