Президент Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

0
284

Орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары аталды.


Президент Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Орташа табыс тұзағынан» құтылу және Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына орнығуы үшін берік институционалдық және әлеуметтік- экономикалық негіздерді қалыптастыру – орта мерзімді кезеңге арналған дамудың негізгі мақсаттары», - делінген құжат мәтінінде.

2029 жылға дейін ұлттық даму жоспары шеңберінде 5 бірізді қағидат айқындалды:

  1. Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру және тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту үшін бәсекелестікті ырықтандыру әрі ынталандыру;
  2. Кәсіпкерлікті қорғау және дамыту;
  3. Сапалы білім беруді қамтамасыз етуге және кәсіпкерлік пен шығармашылық бастаманы қолдауға баса назар аудара отырып, қазақстандықтардың әлеуетін ашу;
  4. Инновациялық белсенділікті кеңейту, салалар мен кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру арқылы экономиканың өнімділігі мен күрделілігін арттыру;
  5. Өңірлердің дамуында аса үлкен алшақтыққа жол бермеу және өңірлердің өз әлеуетін әрі үлкен экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау.