Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елшілікте ауыс-түйістер орын алды.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сингапур, Жаңа Зеландия, Германия, Иордания, Ирак, Ливан және Палестина мемлекеттеріндегі елшілер лауазымдарынан босатылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен;
Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.