Президент ҚТЖ ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атауын берді

0
114

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Президент ҚТЖ ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атауын берді
Фото: Ақорда
Президент Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, — делінген хабарламада.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.