«Шикі жұмыртқа мен шұжық жеген»: Өзбекстанның Бас прокуратурасы 20 қазақ баланың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғады

0
114

​Бұл туралы Өзбекстанның прокуратурасы ресми түрде мәлімдеген.


«Шикі жұмыртқа мен шұжық жеген»: Өзбекстанның Бас прокуратурасы 20 қазақ баланың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғады

фото: azattyq-ruhy.kz.

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ташкенттегі қонақ үйдің дәмханасынан шикі жұмыртқа мен шұжық жеп, уланған қарағандылық 20 баланың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Өзбекстанның Бас прокуратурасы ресми түрде хабарлаған.

«Ташкент қаласының Шыланзар ауданы осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 276-бабы, яғни, санитариялық заңнаманы немесе эпидемияға қарсы ережелерді бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, балалар сол күні қонақ үйден шала піскен жұмыртқа мен шұжық жеп, ауырған.

«2026 жылдың 1 қарашасында футбол турниріне қатысу үшін Қазақстаннан елімізге келген 20 бала және олардың туыстары Ташкенттегі қонақүйде таңғы асқа шала піскен жұмыртқа мен шұжық жеген. Сол күні олардың он үші құсып, іші өтіп, қызуы көбейген», -деп толықтырған ақпаратты Өзбекстанның Бас прокуратурасы.

Айта кетейік, осыған дейін Ташкентке аттанған бір топ жас футболшының уланып, ауруханаға түскені хабарланған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасады.