Бұл туралы "Ұлттық кеңестің" алғашқы отырысында айтылды.
ERNUR.KZ. Бүгін елордада өтіп жатқан "Ұлттық кеңестің" алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы кездері қоғамды дүр сілкіндірген "Қытайдың 55 компаниясы көшіп келеді" дегенге қатысты пікір білдірді, деп жазады baq.kz.
"Тағы да шегелеп айтамын, жерімізді ешкімге бермейміз. Халқымыздың мұң-мұқтажын әрқашанда ескереміз. "Елде әртүрлі қауесет тарап жүр. "Көрші елдің 55 компаниясы көшіп келеді екен, жер шетелдіктерге сатылады" деген. Мұның бәрі жалған, қауесет. Шетелдік инвестициялар елдегі игеру қажет салаларға тартылады. Мұндай қауесеттер адамдардың тұтынушылық сезімдерін басқаратын зұлым адамдардан шығады. Соның ішінде эмоционалды адамдарды өздерінің нақты мақсаттарына жету үшін пайдалану. Мұндай айла-тәсіл геосаясаттың бір бөлігі екенін түсінуіміз керек, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу. Қазақстандағы жағдайдың тұрақтылығын бұзу», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ҚР президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты - жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар. Ол өз қызметінде Қазақстан Республикасының конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
Кеңес төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Төраға орынбасары – президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев, хатшысы – президент кеңесшісі Ерлан Қарин.