Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

0
354

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.


Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, деп жазады ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

«Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған» - делінген хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.