Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтады

0
229

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.


Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz.




Президент Рим Папасы XIV Леоны 70 жасқа толуымен құттықтап, оның халықтар арасындағы татулық пен дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ толеранттылықты дәріптеуге сіңірген өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Киелі Тақпен ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниетті екенін жеткізді.