Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат табысталды

0
498

Мерекелік шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті.


Президент шыршасына қатысқан оқушыларға 100 мың теңгелік сертификат табысталды

ERNUR.KZ. Биыл республика бойынша президент шыршасына 4 мыңнан астам оқушы қатысты. Әрбір қатысушы бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алды, деп жазады sputnik.kz.

Мерекелік шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті.
Биылғы жаңажылдық шыршаның тақырыбы "Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман!" болды.
"Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты", - деді оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейітов.
Олар оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар.