Мемлекет басшысы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.