Президент тапсырмасы: Педагогтердің жалақысы 25 пайызға өсті

0
2 237

Тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.


Президент тапсырмасы: Педагогтердің жалақысы 25 пайызға өсті

ERNUR.KZ. 1 қаңтардан бастап елімізде педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Есте болса өткен жылы Президент тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 25 пайызға ұлғайтылған болатын. Енді міне, бүгіннен бастап педагогтер айлығы тағы 25 пайызға көбейіп отыр. Тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары көбейіп жатыр.

Сонымен қатар мұғалімдер біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша 50 пайыз төлем алып отыруға да болады. Пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін де қосымша ақы төленеді. Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.