Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

0
313

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.


Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес ретінде қарастырып, өзара достық пен түсіністікке негізделген стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге айрықша мән беретінін жазған.

Сонымен қатар ортақ күш-жігер жұмылдыру арқылы сан қырлы ықпалдастықты жаңа белеске көтеруге ниетті екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның аса жауапты қызметіне сәттілік, ал достас Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.