Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал.
ERNUR.KZ. ҚР президент Жетісу жұртшылығымен жүздесуінде , белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек елімізді дамытуға зор үлес қосқанын айта келе, Талдықорғандағы Журналистер үйіне оның есімін беру туралы бастаманы қолдау қажет екенін айтты, деп жазады zakon.kz.
Президент "Жетісудан шыққан азаматтар тәуелсіздік кезеңінде елімізді дамытуға зор үлес қосқанын" айта келе, соның ішінде белгілі журналист, қоғам қайраткері Бейсен Құранбектің еңбегіне ерекше тоқталды. Президент "Бейсен Құранбек әзірлеген хабарлары көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенін" атап өтті.
Оның азаматтығы, ұлтжандылығы және отаншылдығы, еңбекқорлығы қалың жұртқа танымал. Өкінішке қарай, дарынды азамат ортамыздан ерте кетті.
Мен Талдықорғандағы Журналистер үйіне Бейсен Құранбектің есімін беру туралы ұсыныс айтылып жүргенін білемін. Бұл – Жетісу жұртшылығының, сондай-ақ барша журналистер қауымының, қалың көрерменнің және жалпы халықтың қалауы. Сондықтан, бастаманы қолдау қажет деп санаймын.Қасым-Жомарт Тоқаев