Путин Орталық Азия елдерін импортты алмастыру жобаларына қосылуға шақырды

0
568

Путин қазір Ресей де, Орталық Азия елдері де өзара есеп айырысуларда батыс компаниялары мен операторларының қатысуынан бас тартып жатқанын айтты.


Путин Орталық Азия елдерін импортты алмастыру жобаларына қосылуға шақырды

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азия елдерін Ресейдің импортты алмастыру жобаларына қосылуға шақырды, деп жазады sputnik.kz.

Ол Еуразиялық даму банкі инвестицияларының жиынтық көлемі бес жыл ішінде 11 миллиард долларды құрағанын атап өтті.
"Біз елдеріңіздің Ресейдің импортты алмастыру жөніндегі ауқымды бастамаларына, басқа да бағдарламаларына қосылуына мүдделіміз. Бұл экономикаларымыздың дамуына, жаңа құзыреттер алуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін", - деді Путин Астанада өтіп жатқан "Орталық Азия – Ресей" саммитінде.
Путин қазір Ресей де, Орталық Азия елдері де өзара есеп айырысуларда батыс компаниялары мен операторларының қатысуынан бас тартып жатқанын айтты.
Айта кетері, Астанада "Ресей – Орталық Азия" саммиті өтіп жатыр. Жиын қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланып отыр.
Шараға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысуда. Саммит барысында елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, ортақ сауда-экономикалық және басқа да мүдделерді қорғау мәселелері талқыланады.