QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

0
622

Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.


QazaqGaz ҰК басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

ERNUR.KZ. QazaqGaz АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ибулла Серді тағайындалды, деп жазады Tengrinews.kz.

"QazaqGaz АҚ KASE-ге директорлар кеңесінің 14 қаңтардағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:
- Шәріпбаев Қ.Қ. басқарма төрағасы қызметінен босатылды;
- Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, QazaqGaz АҚ басқармасы жеті адамнан тұрады: Серді И.Ж., Сүлейманов Р.Э., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Сәйтиев А.Б., Абдуллин Р.С.", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қайрат Шәріпбаев QazaqGaz ҰК басқарма төрағасы қызметінен кеткені хабарланды.