ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

0
1 364

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған.


ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

фото: primeminister.kz

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды,-деп хабарлайды primeminister.kz.

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бастаған.

1989–1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996–1998 жылдары — БҚО Қазталов ауданы «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры.

1998–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары, 2013–2014 жылдары — БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.