Рахмоновтан жеңілген америкалық мәлімдеме жасады

0
502

Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде болды.


Рахмоновтан жеңілген америкалық мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Америкалық файтер Джефф Нил (15-7) Шавкат Рахмоновтан (17-0) жеңілгеннен кейін әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп жазады vesti.kz.

Бұл жекпе-жек Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде болды. Рахмонов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

"Бауырым, мен өз жұмысымды сүйемін! Сендерге ұнағанына қуаныштымын! Мен ораламын", - деп жазыпты Нил Twitter желісінде.

Айта кетейік, бұл айқас UFC 285 турниріндегі ең мықты жекпе-жек ретінде мойындалды. Осы себепті екі спортшыға 50 мың қосымша төлем берілуі тиіс, алайда Нил салмақ лимитін орындамағандықтан екеуіне белгіленген 100 мыңды Шавкат алатын болды.