Ресей Қазақстанға жылқы етін экспорттап жатыр

0
1 511

Статистикалық мәлімет бойынша, орташа алғанда Қазақстанның бір тұрғыны жылына 77,1 килограмм ет жейді.


Ресей Қазақстанға жылқы етін экспорттап жатыр

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Ресейден Қазақстанға жыл сайын 200 тоннадан астам жылқы еті мен сойылатын жылқы экспортталады, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстан етті көп жейтін әлемдегі 50 елдің қатарына кіреді. Қазақстан статистика комитетінің мәліметі бойынша, бір тұрғын жылына шамамен 77,1 килограмм ет жейді. Мәдениет пен ұлттық асханада жылқы еті ерекше орын алады, бірақ бұл азық жеңсік астың қатарында, сондықтан ол орта есеппен адам басына 9 килограмнан келеді.

Сонымен бірге, Қазақстан 15-20 мың тоннаға жуық жылқы етін экспорттап, 2 мың тоннаға жуық импорттайды.

"Жылқы еті мен тірі жануарлар, оның ішінде асыл тұқымды малдар Қазақстанға Татарстаннан, Қалмақиядан, Бурятиядан, Алтай өлкесінен, Алтай Республикасынан, Брянск облысынан, сондай-ақ Мәскеу мен Санкт-Петербургтен экспортталады", - деп хабарлады Ресей Федерациясының сауда өкілдігі.

Ресейлік жылқы еті мен жылқылардың жалпы экспорты 635,2 мың долларға жуықтайды.

Сауда өкілдігінің мәліметінше, 2019 жылдың 10 айында Қазақстанға 600 долларға 300 килограмға жуық жаңа сойылған, 74,6 мың долларға 25,5 тонна мұздатылған жылқы еті, 66 мың долларға 35,2 тонна сорпа өнімі (субпродукт) жіберілді.

440 дана тірі жануар жөнелтілді. Оның ішінде 139 – 96,6 мың долларға асыл тұқымды, қалғаны – соғым малы.

Айта кету керек, алдын ала қорытындыға сәйкес, 2019 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылғы деңгейден (18,2 миллиард доллар) кем болмайды. Сонымен қатар, бір жыл ішінде Қазақстанға Ресей экспортының көлемі 4,1% -ке өсті.

Сонымен қатар, тауарлардың барлық тобында тұрақты өсім байқалады, олардың негізгі үлесі қосылған құны жоғары тауарларға тиесілі. Ал жалпы тауар айналымындағы отын-энергетикалық кешеннің үлесі айтарлықтай төмендеген.