Ветеринариялық-санитарлық талаптар бұзылған деген айыппен бес қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары енгізілмек
ERNUR.KZ. Россельхознадзор бес қазақстандық компанияға қатысты шектеу шараларын енгізбекші. Олар EAS және Ресей федерациясының ветеринариялық-санитарлық талаптарын бұзған деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
29 қыркүйектен бастап ЖШС "J.F.M. Company" компаниясына ет өнімдерін тасымалдауға шектеу қойылады.
Сондай-ақ, Ресей ЖШС "Кублей", "Ижевский" өндірістік кооператив, ЖШС "Арай-East Food және ЖШС "Кузмич" секілді төрт компаниясының жұмысына қатысты бақылауды күшейтпек.
Қазіргі таңда аталмыш компаниялардың өнімдерінен тыйым салынған заттар мен бактериялар анықталған.