Ресейде қазақстандық жоғару оқу орнының филиалы ашылды

0
383

2022 жылы ҚазҰУ халықаралық QS World University Rankings рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша әлемде 150-ші орын алды.


Ресейде қазақстандық жоғару оқу орнының филиалы ашылды

ERNUR.KZ. Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады. Тиісті келісімге Омбыда РФ Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Константин Могилевский мен қазақстандық жоғары оқу орнының ректоры Жансейіт Түймебаев қол қойды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Көптеген жылдар бойы Қазақстан Омбы облысының негізгі серіктестерінің бірі болып келеді. Біз гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты және әсіресе біздің университеттер арасындағы байланыстарды жоғары бағалаймыз, олар бірлескен жобалармен нығайтылған», – деп атап өтті Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко.

Өңір басшысының айтуынша, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Омбы облысының жетекші жоғары оқу орындары – классикалық және техникалық университеттермен ынтымақтасуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласында орналасқан. Ол 1934 жылы ашылған. Университетте көпдеңгейлі жоғары кәсіби білім беру жүйесі бойынша 25 мыңнан астам студенттер мен магистранттар білім алуда. 2022 жылы ҚазҰУ халықаралық QS World University Rankings рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша әлемде 150-ші орын алды.