Салонда 52 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласынан Новосібірге бара жатқан автобус Ресейдің Панкрушиха ауданында аударылып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, автобус бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 04:00-те Панкрушиха ауылынан 10 шақырым шалғай жерде аударылған. Оқиға орнына бірден жол-патруль қызметі барды.
Алдын ала ақпарат бойынша 1958 жылы туған Yutong автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Салонда 52 жолаушы болған. Жол апатынан 18 жастағы қыз жеңіл жарақат алды.
Қазіргі кезде жол апаты бойынша тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталады.