Ресейге ұшып баратын қазақстандықтар үшін ПТР тесті алынып тасталды

0
547

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР тестін өткізу талабы жойылған болатын.


Ресейге ұшып баратын қазақстандықтар үшін ПТР тесті алынып тасталды

ERNUR.KZ. Ресей COVID-19-ға қатысты ПТР сынамасының теріс нәтижесін тапсыру талабын алып тастады. Бұл жөнінде Роспотребнадзордың жаңа қаулысында айтылған, деп жазады zakon.kz.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Telegram арнасының жазуынша, қазақстандықтар Ресейге ұшып келу үшін ПТР тестін тапсырмайды.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап Ресейге құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кірген кезде Қазақстан азаматтары үшін теріс ПТР тестін өткізу талабы жойылған болатын.

Енді Ресейге келгендер тек тиісті сауалнаманы толтыруы керек, – делінген хабарламада.

Жаңа қаулыға сәйкес, қазір Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде коронавирусқа іріктеп сынақ алу тәжірибесі ұйымдастырылуып жатыр.