Бұған дейін 1 ақпаннан бастап Қазақстандағы "Әлімбет" пен "Сырым" өткізу пунктері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады деген ақпарат болды.
фото: Росгранстрой
ERNUR.KZ. Қазақстан Ресеймен шекарадағы бақылау-өткізу пунктерін жөндеу жұмыстарын кейінге шегерді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін 1 ақпаннан бастап Қазақстандағы "Әлімбет" пен "Сырым" өткізу пунктері жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады деген ақпарат болды. Осыған байланысты Ресейдің Орынбор облысында өткізу пунктерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. Бірақ жөндеу жұмыстарын кейінге шегеруге шешім қабылданды.
"Сырым (Маштаково) мен Әлімбет (Орск) өткізу бекеттерін құрылыс-монтаждау жұмыстарының нақты мерзімі жылы уақытқа ауыстырылды. Жұмыстарды жүргізу кезінде өткізу бекеттері шектеулі режимде жұмыс істей береді", - делінген Росгранстройдың ресми хабарламасында.
Осылайша, жөндеу жұмыстары басталғанда өткізу-бақылау бекеттері толығымен жабылмайды.