Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

0
84

Түркия президентін әуежайда Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.


Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Фото: видеодан алынған скрин

Түркия президентінің ұшағы Астанаға келіп қонды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін 13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келетінін хабарлаған едік.