Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған 2 бала қалды.
фото: inbusiness.kz
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қаскөй ерлі-зайыптыны пышақтап, өлтіріп кеткен деп жазады inbusiness.kz.
"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Істің тергелуі департамент басшылығының жеке бақылауында. Өзге ақпаратты жария етуге заң бойынша тыйым салынған", – делінген хабарламада.