Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында 2024 жылғы 21 желтоқсанда таңғы сағат 4:39-да жылу орталығында жарылыс болды.
ERNUR.KZ. Зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді. Әкімдік үйлердегі жылу батареясының қызуы аздап төмендеуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады Zakon.kz.
Төтенше жағдай "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде болғаны нақтыланады.
"Шаң-ауа қоспасының жарылысы болды, алайда өрт тіркелген жоқ."Риддер ЖЭО" штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында 4 градус суықты көрсетіп тұр". ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін екені де ескертіледі.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.