Риддердегі төтенше жағдай: мамырда жылу орталығын реконструкциялау басталмақ

0
1 064

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, жылу электр орталығын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.


Риддердегі төтенше жағдай: мамырда жылу орталығын реконструкциялау басталмақ

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын реконструкциялау жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталады, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, жылу электр орталығын қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
«Қазір орталықта №5 қазандықты жөндеу және іске қосу жұмыстары аяқталды. Жексенбі күні ол ыстық режимге енгізіледі. Осы сәтте станцияда үш қазандық тұрақты жұмыс істеп тұр. Желідегі температура – 75 градус. Сегіз медициналық мекемеге Алматыда жасалған қосымша электр қазандықтары орнатылып жатыр. Бұл жүйедегі суды жүз градусқа дейін қыздыруға және ЖЭО-ға қосымша жүктемесіз әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, 15 желтоқсанға дейін бұл жабдық барлық ауруханада, ал осы айдың 23-іне дейін 4 білім беру мекемесіне орнатылмақ.
«Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде резервте болған екі қазандықты жөндеу жоспарланған. Мамыр айында келесі жылыту маусымында осындай мәселе болмау үшін Риддер ЖЭО-ны толықтай реконструкциялауды бастаймыз. Қазір мазут пен көмір қоры жеткілікті. Күн сайын 15 вагон қатты отын жеткізіліп тұр», - деді Даниал Ахметов.