Rixos-тағы өрт: пәтерлерді жөндеу үшін бюджет қаражаты пайдаланылмайды

0
287

Төтеншеліктер өртпен 3 сағат күресті.


Rixos-тағы өрт: пәтерлерді жөндеу үшін бюджет қаражаты пайдаланылмайды

ERNUR.KZ. 22 маусым күні Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Астан әкімдігі құрған комиссия ұйымдастыру мәселелерімен айналысады, алайда өрттен зақым келген пәтерлер мен қасбетті жөндеу шығыны бюджет есебінен өтелмейді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Комиссия ғимаратты ары қарай пайдалану бойынша техникалық мәселелерді қарайды. Аталмыш үйде өрт болғанын ескерсек, бұл – төтенше жағдай, қала әкімдігі ұйымдастырушылық мәселелер бойынша көмек көрсетеді», - деп хабарлады әкімдік.

Бұған дейін, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында өртенген пәтерлер жөнделетіні туралы жазған еді.