Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
ERNUR.KZ. Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде», - делінген ПД ақпаратында.
Сонымен қатар, полиция азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Еске сала кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.