Жүргізуші әлі табылмай жатыр
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Рудный қаласында жүргізуші ер адам оқушы қызды қағып өлтіріп, жол апаты болған жерден жасырынған, - деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 14 тамызда, сағат түскі 12:35-те Парков пен Гагарин көшелерінің қиылысында болған.
Kia Rio маркалы ақ түсті автокөліктің 39 жастағы жүргізушісі 9 жастағы оқушыны көлікпен қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен қыз жедел жәрдем келмей тұрып қаза тапты. Қазіргі уақытта Рудныйдың полиция қызметкерлері жүргізушіні іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.