Қазір тұрғындар электр жылытқыштарды қосып, үйлерін жылытып отыр.
ERNUR.KZ. Рудныйда құбыр желісіндегі апатқа байланысты 33 көпқабатты тұрғын үй мен 1 мектепке жылу беру тоқтатылды, деп жазады stan.kz.
Қазір тұрғындар электр жылытқыштарды қосып, үйлерін жылытып отыр. Апат Гагарин мен Шевченко көшелерінде болған.
Бүгін Рудныйда ауа температурасы -26 градусқа дейін төмендеген. Сондықтан бірінші және екінші ауысымдағы бастауыш сыныптар қашықтан оқуға көшірілді.
"Наша газета" басылымының мәліметінше, қаладағы жылыту желілерінің әбден тозығы жеткен. Жыл сайын мұнда 300-ге жуық апат тіркеледі екен. Ал қаладағы квартал ішілік желінің ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.