Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

0
119

Бұл - қосымша қоғамдық қызмет.


Руслан Желдібай тағы бір қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры лауазымын қоса атқарады, деп baq.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметіне тағайындалдым. Бұл - қосымша қоғамдық қызмет. Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы - өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз. Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын, - деп жазды Руслан Желдібай.