"Әкімдіктердің көбісінде қаражат бар және олар қаңтардан бастап міндеттемелерді орындауға кірісті. Себебі олар республикалық бюджет кейін жұмсалған қаражатты өтейтінін түсініп отыр. Бірақ бірнеше әкімдікте қиындықтар туындады. 1 қаңтардан бастап үстемақы алуы тиіс барлық мұғалімге ақша төленеді", — деп сендірді Е.Сағадиев.
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан үстемақы алуы тиіс ұстаздарға ақша қалай төленіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сағадиев ол қаражат кейін әкімдіктерге қайтарылатынын атап өтті.