Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты хабарлады.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Сәдібек Түгел тиісті құжаттарын тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.
2019 жылғы 22 сәуірде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде С.Түгелдің мына құжаттары ұсынылды:
1. «Ұлы дала қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органның Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысы хаттамасының үзіндісі;
2. Түгел Сәдібектің Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiші;
3. Өмірбаяндық мәліметтері;
4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжатты;
5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың жоғары білім туралы дипломдарының көшірмелері;
7. Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжат ұсынылды.