Сақтандыру ұйымдары қазақстандық көлік иелеріне 9 млрд 176 млн теңге төлеген

0
634

Мүлікті ерікті түрде сақтандырумен айналысатын ұйымдар қазақстандықтарға жыл басынан бері 39 млрд 360 млн теңге өтеп берген.


Сақтандыру ұйымдары қазақстандық көлік иелеріне 9 млрд 176 млн теңге төлеген

ERNUR.KZ. 1 маусымдағы жағдай бойынша, сақтандыру ұйымдары қазақстандық көлік иелеріне 9 млрд 176 млн теңге төлеген, деп жазады ҚазАқпарат.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметі бойынша, мүлікті ерікті түрде сақтандырумен айналысатын ұйымдар қазақстандықтарға жыл басынан бері 39 млрд 360 млн теңге өтеп берген.

Оның ішінде автомобиль көлігін сақтандыру бойынша 9 млрд 176 млн теңге төленген. Өзге қаржы шығындарынан сақтандыру бағытында 55 млн теңге, мүлiктi сақтандыру бағытында 26 млрд 544 млн теңге, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру бағытында 565 млн теңге, өзге санаттар бойынша 3 млрд 20 млн теңге өтелген.