Сәлемдемелерді пошта арқылы жеткізу мерзімі қысқарды

0
1 450

​Қазақстан бойынша сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 16 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz сайты.


Сәлемдемелерді пошта арқылы жеткізу мерзімі қысқарды

Қазақстан бойынша сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 16 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазпошта» АҚ Төрағасы Сәкен Сәрсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz сайты.

«Өткен жылы компанияның жалпы кірісі 49,2 млрд теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда кіріс 18% артты. Еңбек өнімділігі 25 пайызға өсті. Электрондық сауданың және цифрлық технологияның дамуы, сондай-ақ нарықтағы бәсекелестіктің жоғарылауы поштаның жұмыс істеуін түбегейлі өзгертті. 2017 жылы біз 138 млн газет-журналды жеткіздік. Былтыр 17 миллионнан астам сәлемдеме жеткізілсе, олардың 11 миллионы халықаралық сәлемдемелер. Қазақстан бойынша сәлемдемелерді жеткізу мерзімі 16 күннен 6 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, сәлемдемелер күнделікті жеткізілетін бағыттардың саны 35- ке дейін өсті. Биыл тағы 15 бағытты қосамыз. Шетелден келетін сәлемдемелердің жеткізілу мерзімі 45 күннен 18 күнге дейін қысқартылды», - деді Сәкен Сәрсенов.