Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бишімбаевтың інісі амнистияға ілікті

0
266

Прокурор да бұл пікірмен келісе отырып, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.


Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бишімбаевтың інісі амнистияға ілікті

Фото: Жоғарғы сот
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Степногор қалалық сотында Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін амнистияға байланысты қысқарту туралы өтініші қаралды, деп жазады Stan.kz.




Байжанов процестің БАҚ-сыз өтуін қалағанымен, судья Акишев бұл өтінішті қанағаттандырмады.

Байжановтың жазасын өтеу мерзімі 2027 жылғы 18 шілдеде аяқталуға тиіс болатын. Енді ол мерзім үштен бір бөлікке қысқарады: сегіз ай сегіз күнге. Осылайша, Бақытжан Байжанов 2026 жылғы қарашада босатылады.

Шешім шығаруға колония әкімшілігінің Байжановқа берген мінездемесі және сот шешімімен тағайындалған өтемақылардың толық өтелуі әсер еткен.

"Жазасын өтеу барысында жағымды мінездеме берілген. Сот үкімі бойынша талап-арыз толық өтелген. Ұстау жағдайында мінез-құлқы бірінші оң деңгейде бағаланған, екі рет көтермелеуге ие болған", – делінген хабарламада.

Прокурор да бұл пікірмен келісе отырып, өтінішті қанағаттандыруды сұраған.