Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған

0
723

Алаяқ салықшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды


Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған

ERNUR.KZ. Қосшы қаласында салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды, деп жазады sputnik.kz.

Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сосын жәбірленушілердің атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.
"Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқ анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Облыстық прокуратура азаматтарға түрлі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертті.